Берік Асылов, Бас прокурор: Бұл құжат жаңа дәуірдің іргетасына айналады
Бүгінде еліміз аса маңызды тарихи уақиға – жаңа Конституцияны қабылдаудың қарсаңында тұр. Осы орайда басты құқықтық құжатымыз Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары жөнінде Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Берік Ноғайұлы, жаңа Конституция жобасының Кіріспе бөлімінде Заң мен Тәртіп қағидаты ерекше аталады. Осыған кеңірек тоқталып өтсеңіз.
– Өткен жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған конституциялық реформа 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан мемлекетті кешенді жаңғыртудың заңды жалғасы екенін атап өткен жөн. Биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум азаматтардың ерік-жігеріне ең жоғары заңдық күш бере отырып, Негізгі заң жобасы мақұлданған жағдайда ел тарихында жаңа кезеңнің бас










